Қайрат Нұртастың келіншегі отбасын сынаған оқырманға жауап берді (фото)
Опубликовано:
Жақында ғана отбасылық концертін өткізген Қайрат Нұртастың келіншегі өздерін сынаған оқырманына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Жұлдыз Әбдіркәрімова Instagram парақшасында жазды.
Желі қолданушыларының бірі: «Қайрат, жанұяңда тағы тыққан-пыққан жандар болса шығарсаңшы», - деп әзілдеді.
Ал бұл жазбаны оқыған әншінің жары: «Тыққан-пыққан қалмады. Әзірге осы составпыз», - деп жауап қайтарды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың отбасылық ән кешінде екі қызы мен қос ұлы, інісі Заңғар, келіншегі мен ата-анасы өнер көрсеткен болатын. Әншінің Сезім, Алау есімді қыздары және Нарұл, Хан есімді ұлдары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724632-kajrat-nrtasty-kelinsegi-otbasyn-synagan-okyrmanga-zauap-berdi-foto/