Әсел Сағатова өзінің 14 жастағы бейнесін көрсетіп, елді таңғалдырды (видео)
Опубликовано:
Елімізге белгілі актриса Әсел Сағатова өзінің 14 жастағы бейнесін көрсетіп, елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Актриса бұл жайында Instagram парақшасына видео салып, өткенін еске алды.
«Менің көптеген бұрынғы жұмыстарым видеокассеталарда сақтаулы тұр. Ол уақытта дисктер де, флешка да болмайтын еді ғой. Қазір интернеттің болғаны қандай жақсы. Мына бейнебаян менің жүрегіме өте жақын. Ең жақсы көретін бейнебаяным», - деді Сағатова.
Ал бұл бейнебаянды 2000 жылдардың басында түсірген «Үркер» тобының әншісі Айдос Сағат болса: «Менің де есімде. 14 жасар қызды гриммен үлкейтуге тырысқан едік. Сондай-ақ, сенің еш шаршамайтын қасиетіңе таңғалғанымыз да бар», - деп естелік арнады.
Айта кетейік, желі қолданушылары Әсел Сағатованың бұл бейнебаянда 14 жаста болғанына сенімсіздік білдірді.
Олар: «Керемет», «Біздің жастық шағымыз осы бейнебаяндармен өтті ғой», «14 жастағы қызға ұқсамайсыз ғой», «Сіз сұлусыз» деп жарыса жазды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725212-sel-sagatova-zini-14-zastagy-bejnesin-krsetip-eldi-tagaldyrdy-video/