Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Шаханов алғаш рет үш әйел алғанын ел алдында мойындады

Опубликовано:

Мұхтар Шаханов алғаш рет ел алдында үш әйел алғанын мойындады деп хабарлайды "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұхтар Шаханов. Фото: imperiya.by
Мұхтар Шаханов. Фото: imperiya.by: UGC

"Мен өмірімде үш әйел алдым. Қазір үшінші әйеліммен тұрып жатырмын. Махаббат дегеніміз – екі адамның сана биігінде жолығуы. Бірақ, маған сана биігіндегі азаматша жолықпады. Мен Эвересттің шыңына шыға алмадым. Өзіңе сай әйел жолықпағаннан кейін, тағдырың солай болады", - деді Шаханов.

"Маған да жас күнімде Күләндә деген қыз кездесіп еді. Түлкібас ауданының қызы болатын. Сол жерге аялдайтын поезд, кейін ол вокзалға тоқтамайтын болып, бағыты өзгереді. Оны маған айтпаған. Күләндә құрбысымен поездан секіремін деп, оның астына түседі. Күләндә қайтыс болып, жанындағы қыз аяғын сындырыпты. Егер ол тірі болғанда, Эвересттің шыңына шығуым мүмкін еді", - деп ағынан жарылды ақын.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов үш әріптің адамы емес екенін айтып, қандай жағдайда да шындықтың жағына шығатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726229-mhtar-sahanov-algas-ret-s-jel-alganyn-el-aldynda-mojyndady/

pixel