Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Шахановтың үлкен әпкесі 102 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың үлкен әпкесі 102 жасында өмірден өтті деп хабарлайды «Замана» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұхтар Шаханов. Фото: zamana.kz
Мұхтар Шаханов. Фото: zamana.kz: UGC

Ақынның анасы 14 баланы өмірге алып келген. Алайда, отбасында тек Мұхтар мен Ізеттен басқа балалар шетінеп кетіпті.

Күні кеше кезекті бір бағдарламаға сұхбат берген Мұхтар Шаханов әпкесіне қаражатының жартысын аударатынын, ол кісінің науқастанып жатқанын айтқан болатын.

«Бұл кісі мен үшін ең қымбат, қимас жан. Менің не істеп, қайда, қандай жұмыспен айналысып жүргенімнен үнемі хабардар болып отырады. Осы жақта менің тілеуімді тілеп жүреді. Маған қатысты бұрын орын алған оқиғаларды да еш ұмытпайды. Кейде тіпті өзімнің есіме салып отырады. Осы тамаша адамның барлық жағдайын жасап, ерекше күтіп, сыйлап жүрген келініне де шын жүректен ризамын», – деп ақын ағынан жарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726296-mhtar-sahanovty-lken-pkesi-102-zasynda-mirden-tti/

pixel