Отандық кәсіпкер әйел ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)
Опубликовано:
Танымал журналист, кәсіпкер Дана Орманбаева мен оның әзілкеш жары Дәуіт Шайхисламов үлкен ұлы Бексұлтанды үйлендіріп, дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Олар өзінің Бексұлтан есімді үлкен ұлдарын үйлендірген. Еске салсақ, Бексұлтан Дананың бірінші некесінен туған ұлы.
Отандық элиталық сауық кештерден қалмайтын кәсіпкер төрт баланың анасы, табысты бизнесвумен екені белгілі.
Оның бұл қуанышты оқиғасына куә болған оқырмандары келінінің адалынан болуына тілектестік білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726820-otandyk-ksipker-jel-lyn-jlendirip-drkiretip-toj-zasady-foto/