Кеудесін көрсетуден қымсынбайтын отандық әншілер кімдер? (фото)
Опубликовано:
Өзінің ашық-шашық киімдерімен ел көзіне жиі түсетін өнер иелері аз емес. NUR.KZ порталы төсін ашып, елге жартылай жалаңаш мүсінін көрсетуден қымсынбайтын отандық әншілердің тізімін ұсынады.

Бұл тізімде ағайынды Жолдыбаевалар, Луина, Диана Шарапова, Карина Абдуллина бар.

Осыдан бірнеше күн бұрын Кәмшат Жолдыбаеваның Дубай төрінде төсін ашып жүрген суреті желіге таралған болатын. Әнші соңғы уақытта көзге батыл образдарымен түсуде.

Кәмшаттың сіңлісі Алтынай Жолдыбаеваның да үнемі жартылай жалаңаш жүретіні жасырын емес.

Бұл тізімде Луина да бар. Продюсерінен бөлек шыққан әнші, жақында тіпті ашық-шашық бейнебаян да түсіріп үлгерді.

Есімімді өзгерттім деп елді бір дүрліктірген Диана Шарапова да кеудесін көрсеткен суретін желіге жүктеп қойды.

"Бауыржан Байбектің сыныптасымын" деп мақтанған отандық әнші Карина Абдуллинаның да кеудесін жалаңаштаған суреті де көпшіліктің көзіне түскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726958-keudesin-krsetuden-kymsynbajtyn-otandyk-nsiler-kimder-foto/