Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әнші бұрын тұрмыста болғанын мойындады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Санда өзінің бір рет тұрмыста болғанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Санда. Фото: Instagram
Санда. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында мәлімдеді.

Әнші өзінің өмірі мен қылықтары жайлы жазып, оқырмандарымен сыр бөлісті.

Мектеп қабырғасынан басталған қызықты сәттерін жазған Санда өзінің бұрын тұрмыс құрғанын да жайып салды.

""Мені көлік басып кетіп, артынша ол жігіт маған ғашық болды" деген махаббат басымнан өтпеді. Бірақ, тұрмыста болдым", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын таңданыспен қабылдады.

"Сіздің отбасылы болғаныңызды білмеппін", "Таңғалып тұрмын", "Адам болған соң қателесесің ғой" деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727129-otandyk-tanymal-nsi-bryn-trmysta-bolganyn-mojyndady/

pixel