Бүркіт пен Аишаның шаңырағында көптен күткен қыз бала дүниеге келді (фото)
Опубликовано:
Елімізге белгілі әнші Бүркіт пен Аишаның шаңырағында үшінші сәби дүние есігін ашты. Әншінің жары қыз баланы өмірге алып келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.
"Сүйінші! Кеше қалың жұрттың батасын алып, бүгін қызды болдым! Әльxамдулилляһ! Аллаһым разы болсын! Жаным менің, үлкен раxмет саған, қызым үшін!", -деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа жылы лебіздерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Елдің қызы болып өссін" деп тілек білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727239-brkit-pen-aisany-sayragynda-kpten-ktken-kyz-bala-dniege-keldi-foto/