Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінен жалыққан келіншек құрбысымен отбасылы жігітке таласыпқ қалған

Опубликовано:

Алматы тұрғыны Сәния күйеуі мен бала-шағасы бола тұра, өзгенің отбасылы жігітіне қалай таласқанын айтып берді. Айтуынша, ынжық әрі шаруаға ебі жоқ күйеуін жек көріп жүрген кезінде ол бөтен еркектерге көз қырын салудан қымсынбаған. Қазір жасы алпысқа келіп қалған ол өзінің өміріндегі өкініші туралы әңгімеледі.

Өз күйеуі бола тұра, құрбысымен отбасылы жігітке таласқан келіншек өз шындығын айтты
Көрнекі фото: UGC
"Мен 21 жасымда тұрмысқа шықтым, екі балам бар. Күйеуімнен еш қиындық көрмедім, мінезі жақсы, тұрақты жұмысы да болды. Алайда мен оны өзіме лайық санамадым.

Өте ынжық, елдің дегеніне көніп, айтқанын істеп жүре беретін мінезсіз адам. Сөйтіп жүргенде көптен көрмеген құрбым үйге келіп қалды.

35-ке дейін тұрмысқа шықпаған ол отбасылы еркекпен көңіл жарастырып жүр екен. Сол күні отбасымызбен кездесіп, тағы бір отырысқа баратын болып шештік", - дейді Сәния.

Оның айтуынша, ол құрбысының жігітіне бірден ғашық болған. Содан бастап ол екеуін үнемі қонаққа шақырып, бұрынғыдан да жақын араласуға ұмтылғанын айтады.

Өз күйеуі бола тұра, құрбысымен отбасылы жігітке таласқан келіншек өз шындығын айтты
Көрнекі фото: UGC
"Бір күні оларды қонаққа шақырдым. Сөйтіп, оның да маған көзі түскенін байқадым. Күйеуім ұйықтап қалды. Ол мені биге шақырып, екеуіміз бір-бірімізге назар аудара бастадық.

Құрбым қатты қызғанып, мені жұлқылап, одан аулақ жүруімді талап етті. Сол жерде екеуіміз төбелесе жөнелдік. Ана жігіт екеуімізді әрең ажыратып алды", - дейді Сәния.

Бұл оқиғадан соң ол құрбысын көрмеген. Кейіннен төрт баласы бар манағы жігіт бала-шағасын тастап құрбысына үйленгенін естіген.

"Сол оқиға ойымнан кетер емес. Мен өзімнің ынжық күйеуімді де, ана жігітті де, құрбымды да жек көріп кеттім. Менікі дұрыс емес. Бірақ әйелдердің жаман жолға түсуі өте тез екен. Соны түсіндім.
Қазір екі баламның бала-шағасы да, немерелерім де бар. Күйеуім менің оны сүймейтінімді білді. Бірақ үндемейтін. Не болса да, бәрі ішінде. Қазір қырық жыл болды, бірге тұрып жатырмыз. Солай да өмір сүруге болады екен", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727342-kjeuinen-zalykkan-kelinsek-krbysymen-otbasyly-zigitke-talasypk-kalgan/

pixel