Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова өзін "топас" деп атаған оқырманын орнына қойды (фото)

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші, ұлттық арнаның бағдарлама жүргізушісі Гүлнұр Оразымбетова өзін «топас» деп атаған оқырманына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: Dalatunes
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: Dalatunes: UGC

Ол Instagram желісі арқылы, көңіліне тиген желі қолданушысына жетістіктерін айтып берді.

"Мен бүгін өз парақшамнан бір оқырманымның "Маған осы кісі "топас" сияқты көрінеді" деген пікірін оқыдым. Қалай ойласам да, қалай ойлансам да өзімді "топастардың" қатарынан көре алмадым. Ойлап қоям, топас болсам мектепті үздік аттестатпен, жоғарғы оқу орындарын "қызыл дипломмен" бітірер ме едім?! Соңымнан ерген бауырларыма қамқор болып, ата-анамның батасын алып, үлкен әулеттің келіні атанатын ба едім?!

Алтындай екі ұлдың анасы, әндерімді жақсы көріп тыңдайтын xалқымның сүйікті әншісі болып жүрмейтін едім ғой. Айта берсем, осы кезге дейінгі жеткен азғантай да болса жетістіктерім талмай еткен еңбегімнің, қиындыққа мойымай алға ұмтылғанымның, үлкенді аға-апа деп құрметтеп, кішіні іні-сіңілім деп басынан сипап ізет көрсеткенімнің жемісі деп ойлаймын.

Осы пікірді жазған азаматшаға айтарым, "Өз өміріңізге ризасыз ба? Не бітірдіңіз осы уақытқа дейін? Қандай жетістіктерге жеттіңіз? Бір сәт ой елегінен өткізіңізші бәрін. Әр адамның бойынан "мін" іздеймін деп уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз!", - деп жазды әнші.

Ал оқырмандар Оразымбетоваға әр сөзге назар аударып, көңілін түсірмеуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727585-glnr-orazymbetova-zin-topas-dep-atagan-okyrmanyn-ornyna-kojdy-foto/

pixel