Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BN: Туыстардан құралған танымал топтың әншісі өзгерді (фото)

Опубликовано:

Жастар арасында кеңінен танымал «BN» тобының әншісі ауысты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

BN: NUR.KZ
BN: NUR.KZ: UGC

Топтағы Альбиназдың орнына Ақниет есімді ару келген.

"Альбиназ мектеп оқушысы болғандықтан, топтағы жұмыс оқуына кедергі келтірді. Ол алдағы уақытта тест тапсырған соң, Англияға кетуді көздеп отыр. Бізде гастрольдер көп болған соң, сабағына кедергілер келтіріп жатыр. Ол өнерді өте сүйеді. Бізді де қимайды, Біз де Альбиназды амалсыздан жібердік. Арамызда ешқандай реніш болмады. Қазіргі келген Ақниет те туысымыз. Ол нағашы болып келеді", - деп ағынан жарылды Айдын.

BN. Фото: NUR.KZ
BN. Фото: NUR.KZ: UGC

Жаңа әнші де мектеп оқушысы. 11 сыныпта оқиды.

"16 жастамын. Әлі мектепте оқимын. Бірақ топтағы жұмыс оқуыма кедергі емес. Ән айтуды бастауыш сыныптардан бастадым. Екеуі де ағам болғандықтан, топқа тезірек үйреніп кетемін деп ойлаймын. Гитарада ойнау сүйікті ісім. Биылғы жылға жаңа төрт-бес әнді жоспарлап отырмыз. "BN" тобына бұрыннан келгім келетін", - дейді Ақниет.

Айта кетейік, топ мүшелері Альбиназ топқа қайта оралса, қуана қарсы алатындарын және жеке әнші ретінде шығып жатса қолдау көрсетіндерін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727694-bn-tuystardan-kralgan-tanymal-topty-nsisi-zgerdi-foto/

pixel