Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әнші өзін өзбекке айналдырып жіберген оқырмандарына жауап берді (фото)

Опубликовано:

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзін өзбекке айналдырып жіберген оқырмандарына жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Instagram
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Instagram: UGC

Әншіні желідегі парақшалардың біріндегі жазба ашуландырған.

"Мен шекарада өскенмін. Бірақ Қазақстанда туылған қазақпын. Қазақша оқыдым. 2009 жылы ауылымызды Өзбекстан тартып алды. Оған мен емес жоғарғы билік кінәлі", - деп жазды ол.

Сондай-ақ Әбдіжаппар Әлқожа "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасындағы жеңісі үшін сын таққандарды да орнына қойды.

"Ол жерде ел сыйлаған ағалар, әпкелер болды. Мен жеңісті сатып алатындай адам емеспін. Олар маған сатыла қоятындай жандар емес. Әділдікті қалады. Әміре мықты әнші. Бірақ бұл конкурс емес байқау. Мен стилім қалыптасқан әншімін", - деді шымкенттік әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727806-symkenttik-nsi-zin-zbekke-ajnaldyryp-zibergen-okyrmandaryna-zauap-berdi-foto/