Төреғали Төреәлі үшінші рет қызды болды
Опубликовано:
Төреғали Төреәлі үшінші қызының дүниеге келгенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Сүйінші! Алланың қалауымен үшінші қызды болдым! Әлxамдулилләh", - деп жазған әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Үш қызы бар кісінің көп қате-күнəлəрі кешіріледі дейді ғой. Бауы берік болсын, ырыс несібесі мол қыз болсын", "Қыз деген өмірдің жалғасы. Гүлдей құлпырып өсе берсін", "Жолың ашық болады, жұмақтан орын бар", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728015-tregali-treli-sinsi-ret-kyzdy-boldy/