Жанар Дұғалованы құшағына алған Керменбаев елдің ашуын тудырды (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Нұржан Керменбаевтің Жанар Дұғаловамен бірге түскен суреті елді ашуландырды. Ол суретін өзінің Instagram парақшасына жүктеген деп хабарлайды NUR.KZ.
Өнердегі әріптесі Жанар Дұғалованың белінен ұстап түскен суретіне ол "Мына апатайыммен мына кадрды шығару үшін мың рет түстік", - деп жазып қойған. дінді берік ұстанатын әншінің бұл әрекетіне жұрт наразы болып, түрлі пікірлерін жаудырған.
"Ұялмайсың ба, не сұмдық мынау", "Аузын итаяктай ғып мына қатынның белін ұстап", "Нұржан мынауың ұят екен, әйелің көрсе әрине жүрегі сыздайды", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728225-zanar-dgalovany-ksagyna-algan-kermenbaev-eldi-asuyn-tudyrdy-foto/