Роза Әлқожа марқұм Оразәлінің есейген балаларын елге көрсетті (фото)
Опубликовано:
Роза Әлқожа осыдан 14 жыл бұрын жол апатынан қаза болған айтыскер Оразәлі Досбосынов пен жеті жыл бұрын өмірден өткен әнші Ажар Түзелбекқызының балаларын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Суретті әнші Instagram парақшасына жүктеді.
"Осы күнді марқұм Ажар көргенде ғой", - деп жазып қойды.
Роза Әлқожа жұлдызды жұптың Нұр-Айшасы мен Нұрсұлтанын халыққа таныстырды.
Ал желі қолданушылары айтыскердің ұрпақтарына жылы лебіздерін жаудырды.
"Ата-анасы көрмеген қызықты көрсін", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы ғой. Алла ғұмырлы, бақытты етсін" деді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728380-roza-lkoza-markm-orazlini-esejgen-balalaryn-elge-krsetti-foto/