Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнадан кету қиын": Отандық әнші қызғаншақ күйеуі туралы жайып салды

Опубликовано:

Есімін жасырын қалдыруды өтінген отандық әнші өзінің қызғаншақ күйеуі жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ
Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Ол өзінің сахнада ән айтып, жүргізушілікпен де айналысатынын алға тартты.

"Мәдениет саласында жұмыс істеймін. Өздеріңіз білесіздер. Сахна грим мен әдемі көйлекті, келбетті талап етеді. Бірақ, осы өнерім жанұяма қатты кесірін тигізеді", - деп бастады әңгімесін кейіпкер.

"Өнер адамы болған соң көптеген кісілермен араласамын. Концерттерден кеш қайтамын. Кейде енем сөйлейді. Одан қалды күйеуім де қығанады. "Ел-жұртқа маймыл болған шығарсың" деп мазақ қылады. Қонаққа жұбайыммен бара қалсақ, маған "Ән айт" дейді.

Мен айтпасам, тағы да ұрыс басталады. Ал осы ренжімесінші деп ән орындасам, "Кімге ұнағың келді" деп тағы да ұрыс шығарады. Енді не істерімді білмеймін.

Сахнадан кету мен үшін қиын. Өнерді тастағым келмейді. Ал күйеуіммен ажырасуға екі балам бар. Оларды әкесіз қалдырып, обалына қаламын деген ой маза бермейді", - деді әнші келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728400-sahnadan-ketu-kiyn-otandyk-nsi-kyzgansak-kjeui-turaly-zajyp-saldy/

pixel