Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың әйелі алғаш рет үйлену тойындағы айрықша суреттерін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Бүгінде төрт баланың анасы атанып отырған Қайрат Нұртастың жары тойларының қалай өткенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасына жазды.

"Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын бөлімнің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері неке қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. Неке қию қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді.

Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз "ҚызЖібек" спектаклінен ария орындап, естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті "Ешкімге көрсетпеймін" әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз", - деп өткен күндерін еске алды Әбдікәрімова.

Фото: instagram
Фото: instagram: UGC

Айта кетейік, күні кеше әнші отбасымен бірге туған жерін аралап, көпшілікті киелі Түркістан жеріне шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729024-kajrat-nrtasty-jeli-algas-ret-jlenu-tojyndagy-ajryksa-suretterin-krsetti-foto/

pixel