Эстраданың нәзік жандылары тек қана жігіттерге арналған кеш өткізбекші (фото)
Опубликовано:
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай эстраданың ең сұлу арулары тек қана жігіттерге арналған кеш өткізеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Топ-10" деп аталатын арулардан құралған кеште Розы Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Ақбота Керімбекова, Салатанат Бақаева, Дана Кентай, Айгерім Қалаубаева өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұл кештің билеттері ақылы түрде. Ең төмені 2000 теңге болса, қымбаты 12 мың теңге.
Естеріңізде болса, 8 наурыз мерекесі қарсаңында тек қана жігіттерден құралған топ аруларға арнап, кеш өткізген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729047-estradany-nzik-zandylary-tek-kana-zigitterge-arnalgan-kes-tkizbeksi-foto/