Танымал продюсер "масқарам шығады" деп жанды дауыста ән салмайтын әншілер туралы айтты
Опубликовано:
Төреғали Төреәліні айыптап, айлығын ала алмағанын айтқан Жан Мұқанов енді отандық әншілердің жанды дауыста ән айта алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Tenrginews.kz агенттігінің мәліметінше, ол эстраданың жартысы жанды дауыста ән айта алмайды деген.
Мұқанов мұның бәрі жақсы аппараттардың жоқтығынан деп есептейді. Ол әншілердің кешке өнерін көрсетуге емес, фонограммамен ән айтуға келетінін айтып, қынжылды.
"Өнерін көрсетуге келген кез-келген әртіс жанды дауыста ән салмайды. Себебі, сахнада жанды дауысты ән шырқауға қорқады. "Масқарам шығады" деген үрей басым болады", - деді Мұқанов.
Айта кетейік, продюсер өзін ренжіткен Төреғали Төреәліні үшінші рет қызды болуымен құттықтаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729054-tanymal-produser-maskaram-sygady-dep-zandy-dauysta-n-salmajtyn-nsiler-turaly-ajtty/