Өзі ұсыныс жасаған: Дастан Оразбеков отбасылық құпиясын ашып қойды
Опубликовано:
Танымал әнші Дастан Оразбековтің жары Жанат үйленуге алғаш өзі ұсыныс тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші бұл жайында "Қалаулым" бағдарламасында айтылды.
"Әсем деген құрбымыз болды. Ол бір күні мені бильярдқа шақырған. Жанында кепка киіп алған сүйкімді қыз бар екен. Қызығы, екеуміздің тегіміз бірдей екен. Кейін екінші кездесуде көйлек киіп, құлпырып келгенде ұнатып қалдым. Жанатқа көзім түсті де, ойым кетті. Әрі қарай әрекет жасай бастадым. Киноға шақырдым. Бірақ ұсыныс білдірмей біраз жүріп қалдым", - деді әнші.
Оразбеков шымкенттік жігіт болғандықтан, романтикаға аса құлшынысы жоқ екенін айтты.
"Сөйтіп, Алматыда өскен келіншегім "Сен неге ұсыныс жасамайсың" деп сұрады. Бұл сұрақ жаныма батып кеткендіктен, түнгі үште келіп ұсыныс жасадым. Құшағымда гүл, көзімде жас, серенада айттым. Осылай тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтіп бақытты болып кеттік", - деді Дастан Оразбеков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729374-zi-synys-zasagan-dastan-orazbekov-otbasylyk-kpiasyn-asyp-kojdy/