Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескі көйлек кие салған Маржан Арапбаева той иелерінен сөз естіп қалды

Опубликовано:

Отандық әнші Маржан Арапбаева өзінің тойға тапсырыс алып, қуаныш иелерінен сөз естіген күндерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Арапбаева. Фото: YouTube
Арапбаева. Фото: YouTube: UGC

Өнер иесі өзінің басынан өткен оқиғаларын "Бақытты әйел" бағдарламасында баяндап берді.

"Көптеген халықаралық байқауларға да қатыстым. Сонда бір ескі киіммен жүре беріппін ғой. Бой кішкентай ғана, әндерім аз. Тойға келесің де, ортада тұрып ән айтасың. Ол кезде сұраныста болмадым. Көптеген сын естіп жаттым.

Тойда бір тамада әйел "Маржан, той иесі айтып жатыр, киіміңді жөндеу керек екен. Шаш cәніңді де ретке келтіру керек. Бояуың дұрыс емес" деді.

Сондай-ақ, "Түрі келіспей қалған", "Бойы кішкентай" деген сынды көп еститінмін", - деді әнші.

Сондай-ақ, әнші қазіргі уақытта жиі косметологтың көмегіне жүгінетінін де айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730021-eski-kjlek-kie-salgan-marzan-arapbaeva-toj-ielerinen-sz-estip-kaldy/

pixel