Серікбол Сайлаубек толық қыздардың жұлдызын жақпақ (видео)
Опубликовано:
Жаңа бейнебаянын ерекше тәсілде түсірмек болған Серікбол Сайлаубек толық қыздарға байқау жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әншінің менеджері Instagram парақшасында мәлімдеді.
Әншінің бойжеткендер қоятын басты талабы жасы 30-ға толмаған болуы және өз денесінен ұялмай еркін билей алуы екен.
Бұл мәлімдегені естіген бойжеткендер өздерінің бейнебаянға кейіпкер болғысы келетінін жарыса жеткізіп жатты.
"Менің жасым 22-де. Қымсынбаймын. Астана қаласынан бола береді ме", - деп жазды бойжеткен.
Айта кетейік, әнші кастингті қай жерде, қашан өткізетіні жайлы ақпарат жарияламады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730535-serikbol-sajlaubek-tolyk-kyzdardy-zldyzyn-zakpak-video/