BN тобы көптен күткен бейнеклипін жарыққа шығарды
Опубликовано:
Соңғы кездері "Самая вышка" әнімен танымал болған Райым мен Артур тағы да хит жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"BN" тобының шығармашылығын жоғары бағалан жігіттер "Лучший" әніне дуэт орындауда. Әнді тек орындап қана қоймай, бейнебаян да түсіріп үлгерген.

Топ продюсері Еркебұлан Молдашовтың ұсынысын қуана қабылдаған Райым мен Артур: "Біз "BN" тобын жақсы білеміз, хит әндері көп, жастарға жақсы өтеді. Сол үшін өзіміздің "Лучший" әнімізге оларды "Лучший" деп таңдадық" дейді.

Бейнелкип жақын күндері көрерменге жол тартады. Туындының режиссері - Шыңғысхан Тәжікеев.

Айта кетсек, бұл "BN" тобының құрамы өзгергелі Ақниеттің алғашқы клипі болмақ.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731112-bn-toby-kpten-ktken-bejneklipin-zarykka-sygardy/