Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cәкен Майғазиев: Заңсыз балам көп

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің "заңсыз" балалары жайлы сыр шертті деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Cәкен Майғазиев. Фото: Instagram
Cәкен Майғазиев. Фото: Instagram: UGC

Әнші төртінші сәбиінің қыз екенін айта келіп, өзінің заңсыз балалары туралы да атап өтті.

"Аллаға шүкір, "заңсыз" балам көп. Осындай мәртебеге ие етіп жатқан олардың ата-аналарына үлкен алғыс. Осы уақытқа дейін біраз балаға өкіл әке болып үлгердік. Тіпті достарым: "Сәкен, қанша заңсыз балаң бар?" - деп қалжыңдап жатады. Ешқашан санаған емеспін. Ертең сол балалар бізге қарап бой түзейді. Сол балапандар мен олардың ата-аналарының сенімін ақтауға Алла жәрдемші болсын. Барлық өкіл балам бірдей жақын, әрқайсы ерекше", - деп әнші ағынан жарылды.

Айта кетейік, Әнші мен жары Динараның Әділет, Раяна, Мәриям есімді ұл-қыздары бар. Сондай-ақ Майғазиевтер отбасына жақында төртінші сәби қосылмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731188-cken-majgaziev-zasyz-balam-kp/

pixel