"Аплодисменты, пожалуйста": Қайрат Нұртас алғаш рет орысша ән жаздырды
Опубликовано:
Қазақстандық "хитмен" Қайрат Нұртас алғаш рет орысша ән жаздырып, тыңдарманын таңғалдырды. Ол "Думаю" деп аталатын жаңа әнін Instagram желісінде халық назарына ұсынған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Я для Вас записал русскую песню, Для меня аплодисменты пожалуйста", - деп жазады әнші өзінің ресми парақшасында.
Шығыс стилінде жазылған орысша ән тыңдарманның көңілінен шықса керек, "Жарайсың, қай тілде орындасаң да хит болады", "Керемет, маған ұнады", - деген сынды пікірлер санаулы минуттың ішінде қарша борады.
Алайда, Қайраттың орысша жазғанын қызық көріп, оның бұл қадамын күлкіге айналдырғандар да табылып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731444-aplodismenty-pozalujsta-kajrat-nrtas-algas-ret-oryssa-n-zazdyrdy/