Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаровтың інісі басшылық қызметке келді

Опубликовано:

Досымжан Таңатаровтың туған інісі басшылық қызметке тағайындалды. Алдағы уақытта Лондон олимпиадасында қазақ еліне қола жүлде сыйлаған Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне басқарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақжүрек Таңатаров. Фото: Instagram
Ақжүрек Таңатаров. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында әнші Instagram парақшасына жариялады.

"Алланың қалауымен кешегі еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек інім Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен "Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне" директор болып тағайындалды", - деп жазды Таңатаров.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші көлігі бұзылып, айдалада қалған жігітті үйіне қонақ еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731920-dosymzan-taatarovty-inisi-bassylyk-kyzmetke-keldi/

pixel