Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат пен Қыдырәлі 1 жасқа толған қыздарының тұсауын вице-министрдің әйеліне кестірді (фото, видео)

Опубликовано:

Төрт ұлдан соң асыға күткен қыздары дүниеге келген Қарақат пен Қыдырәлі оның бір жасқа толған жеке меншік мерекесін дүркіретіп атап өтті. Жұлдызды жұптың бұл қуанышына өнер жұлдыздары түгел дерлік қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарақат. Фото: Instagram
Қарақат. Фото: Instagram: UGC

Аяланың бір жасынан естелік суреттерді өнер иелері өзерінің әлеуметтік парақшаларында бөлісіп жатты. Қарақат пен Қыдырәлі қыздары Аяланың тұсауын ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың әйелі Гүлбаршын Заироваға кестірген.

Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram
Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram: UGC

Сондай-ақ Қарақат қызының жүзін бір жылдан соң алғаш рет көпшілікке көрсетті.

Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram
Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram: UGC

Әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова: "Қошақаным, құлыншағым Аяла бірінші туған күнің, алғашқы тәй тәй басқан қадамың құтты болсын", - деп жазба қалдырды.

Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram
Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram: UGC

Ал Мейрамбек Беспаев, Жазира мен Жанболат бұл қуаныштан видео жүктеп, оқырмандарымен бөлісіп жатты.

Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram
Қарақат пен Қыдырәлі. Фото: Instagram: UGC

Маржан Арапбаева бастаған бірнеше өнер ордасының майталмандары балақайға ұзақ ғұмыр тілеп, ақ тілектерін жаудырса, Роза Әлқожа тойға жете алмағанынан өкініш білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732023-karakat-pen-kydyrli-1-zaska-tolgan-kyzdaryny-tsauyn-vice-ministrdi-jeline-kestirdi-foto-video/

pixel