Қарақаттың көптен күткен қызы қалай өсіп келеді (фото)
Опубликовано:
Күні кеше Қарақат пен Қыдырәлі төрт ұлдан соң аңсап күткен қыздарының 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Дүбірлі тойда әншілер бір жыл бойы көпшіліктен жасырған Аяланың жүзін де көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Бұл қуанышқа жиналған желі жұлдыздары да 1 жасқа толған Аяланың суретін әлеуметтік желіге салып қойды.

Балақайды көрген желі қолданушылары оның үлкен ағасы Бекболаттан аумайтынын айтып, қызу талқыға салды.

"Ұлдарынан аумайды екен", "Әсіресе үлкен ұлына қатты ұқсап тұр", "Аман болсын, үлкен қыз болып өссін", "Тәп-тәтті балақай. Ғұмырлы болсын" деп оқырмандар жарыса жазды.




Айта кетейік, күні кеше Қыдырәлі мен Қарақат баласы Айсұлтанның сүндет той мен қызы Аяланың тұсаукесерін бірге өткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732070-karakatty-kpten-ktken-kyzy-kalaj-sip-keledi-foto/