Ешкімнен ұялмайды: Қызыл кілемге іш киімсіз шыққан жұлдыз желіні жарды (фото)
Опубликовано:
Америкалық тележұлдыз Фарра Абрахам Кан фестиваліне іш киімсіз келіп, қонақтардың назарын өзіне аударды. Ол қызыл кілемге шығып, етегін көтергенде фотографтар жұмысы қыза түскен деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Голливуд жұлдыздарының ашық-шашық киініп, жартылай жалаңаштануына ешкім таңғалмайтын болған. Десе де екінің бірі іш киімсіз жүргенін мақтанышпен көрсетуі екіталай.

Фарра ауқымды шара кезінде қызыл кілемде аяғын сенімді басып, фотографтарға қарап етегін әрі-бері желбіреткен.

Айта кетейік, актриса осыған дейін де өзінің мейлінше "ашықтығымен" елді тәнті еткен әйел. Ол жыныс мүшесіне пластикалық ота жасатқан сәтін тікелей эфирде көрсетіп, парақшасында суреттерін бөліскен.

Бұдан бөлек, Кан фестивалінде өте ашық көйлекпен көзге түскен жұлдыздар қатарында Кендалл Дженнер де бар.


Бойжеткеннің мінсіз мүсіні мен сұлу сымбатына желі қолданушылары тәнті болып, түрлі пікірлер жазуда.

Ким Крдашьянның 22 жастағы сіңлісі де бұрыннан ашық киімдермен ел назарын аударып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732116-eskimnen-almajdy-kyzyl-kilemge-is-kiimsiz-sykkan-zldyz-zelini-zardy-foto/