"Күнәмізді кешірсін": Қасиетті Рамазан айында жұлдыздар иманға бет бұрды (фото)
Опубликовано:
Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен отандық жұлдыздар иманға бет бұрды. Елімізге белгілі өнер иелері өткен-кеткен күнәләрі үшін көпшіліктен кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Олар отыз күн бойы тек тамақтан ғана шектеліп қоймай, қасиетті айда теріс әрекеттерінің бәрінен тыйылмақшы.

"Оразадан бұрын кешірім сұраса сауап болады дейді. Баршаңыздан, біліп не білмей жасаған күнəлəрім болса, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Сауапты істеріміз көп болсын", - деді Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

Ал жігіттер тобындағы Бағлан Әбдірайымов: "Қасиетті рамазан айы, қош келдің! Осы оразада барша мұсалманның ниет - тілегін қабыл етсінші. Алла, күнәдан тазартып, жүзімізді жап - жарық етіп, нұрланып жүруімізді нәсіп етсін. Пендешелігімді кешіріңдер, ағайын. Ораза ұстаған бауырлар, миллиондаған сауапқа кенеліңіздер", - деп жазып қойды.

Бұл тізімде Баян Мақсатқызы да бар.
"Қасиетті ай басталмай тұрып, біліп және білмей жасаған күнәларым үшін кешірім сұраймын. Ісіммен, ойыммен, әрекетіммен өкпелеткен жандарым болса, кешірім өтінемін", - деді продюсер:өз парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен адам неден тыйылуы керек екенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732226-knmizdi-kesirsin-kasietti-ramazan-ajynda-zldyzdar-imanga-bet-brdy-foto/