Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақаттың қызына арнап флешмоб билеген жұлдыздар желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Күні кеше Қарақат пен Қыдырәлі аңсап күткен қыздарының тұсаукесерін өткізген болатын. Қуанышты кешке жиналған жұлдыздар Аялаға арнап флешмоб ұйымдастырған. Кенталдың "Құдағи" әнін "Аялаға" алмастырған олар оқырмандарды күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

"Аяла бір би" деп әндетіп, тойдың көркіне айналған әншілердің бұл тапқырлығына желі қолданушылары ризашылық білдірді.

"Керемет", "Тапқырлықтарыңызға шек жоқ екен", "Қарақат пен Қыдырәлі риза болып қалған шығар", "Аяла бір би" деген жерін күшті келтіргенсіздер", "Балапанның ғұмыры ұзақ болсын" деп пікір білдірді.

Айта кетейік, Қарақат бір жыл бойы қызының жүзін көпшіліктен жасырып, күні кеше тұсаукесерінде ғана халықпен таныстырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732239-karakatty-kyzyna-arnap-flesmob-bilegen-zldyzdar-zelini-zardy-video/

pixel