Әкесінің суретін желіге салған Айсәуле Бақытбек бала күнін еске алды (фото)
Опубликовано:
Айсәуле Бақытбек балалық шағын еске алып, әкесінің суретін желіге жүктеді. Бұл фотоларды көрген көпшілік Баянның тұңғышын әкесіне ұқсатты деп жазады NUR.KZ.

Бойжеткен бал күндерінің естелігін Instagram арқылы бөліскен.
"Бала күнгі суреттерімді жариялауды жөн көрдім. Менің бойымнан өзгеріс байқадыңыздар ма? Кішкене күнімнен қатты өзгергенмін бе", - деп бойжеткен сауал жолдады.

Ал желі қолданушылары Айсәуленің келбеті өзгермегенін айтып, әкесі Бақытбекке ұқсатып жатты.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Айсәуле Бақытбек құмар ойындарға әуес жандарды сынға алған болатын.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732460-kesini-suretin-zelige-salgan-ajsule-bakytbek-bala-knin-eske-aldy-foto/