Сүйіктісіне ұсыныс жасаған отандық актер талай қыздың жүрегін жаралады (фото, видео)
Опубликовано:
Отандық жұлдызды бойдақтар қатары тағы бір серіге кеміді. Танымал актер әрі тележүргізуші Олжас Әлжанов мың ішінен таңдап алған сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Алматы алақандағыдай көрінетін жерде орын алған романтикалық оқиға жұлдызды серінің талай табынушысының жүрегін жаралады деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал тележүргізуші мың ішінен таңдап алған сүйіктісіне Алматыдағы биік ғимараттардың бірінде ұсыныс білдірді. Ол өзінің өміріндегі аса қуанышты сәтін Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарымен бөліскен.
Алайда, бұл әрекетіне табынушылары аса қуана қоймаған көрінеді. Қыздардың басым көпшілігі актердің үйленетініне қөңілдері түсіп, тіпті жүректері жараланғанын айтудан жасқанбады.
Жеке өмірін үнемі жасырын ұстайтын серінің енді күйеу жігітке айналғанына бойжеткендер қауымы сенгісі жоқ. Желі қолданушылар жұлдызды бойдақтар қатарының күрт азайып бара жатқанын айтып, енді бар үміт Тәуекелде болса керек.
"Бірінші Асылхан, сосын Артур. Енді міне Олжас.... Ал көп ұзамай Тәуекел де үйленбек болса, менің жүпкгім мұндайға шыдамайды", - деп жазды бір оқырман.
Олжас Әлжанов өмірлік жар болуға лайықты деп шешкен ару оның ұсынысын қабылдап, "ия" деген жауап қатты. Қос ғашықты аса бір қуанышты сәтінде жақын достары да құттықтап келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732472-sjiktisine-synys-zasagan-otandyk-akter-talaj-kyzdy-zregin-zaralady-foto-video/