Жасы отыздан асқан Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығады (видео)
Опубликовано:
Қазақ сахнасында өзіндік ерекше үнімен орын алған әнші Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Жасы отыздан асқан арудың қуанышты жаңалығы жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Өзінің жақында аяулы жар болатыны жайлы Дұғалованың өзі мәлімдеді.
"Жақында. Сүйіктімнің өнерге қатысы баржоғын айта алмаймын. Тәуекел Мүсілім емес", - деп ағынан жарылды әнші.
Ал желі қолданушылары бұл жаңалықты қуана қабылдап, сүйіп тыңдайтын әншілеріне бақыт тіледі.
"Бақытты бол", "Расымен бе? Әлде пиар ма?", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Бақытқа лайықсыз", - деген оқырмандар жарыса пікір жазды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732796-zasy-otyzdan-askan-zanar-dgalova-zakynda-trmyska-sygady-video/