Динара Сəтжан: Қазақтар "модный" киімдерді түк қалдырмай алып кетеді
Опубликовано:
Бүгін Астанада "Astana Fashion Week" сəн апталығы өз жұмысын бастады. Оған отандық және шетелдің танымал дизайнерлері қатысады деп күтіліп отыр. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сəн апталығын журналистирге арналған брифингтен бастаған белгілі тележүргізуші айтулы шараның маңыздылығын атап өтті.
"Бұл апталықта отандық жəне шетелдік дизайнерлердің теңдессіз туындылары таныстырылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге сəн индустриясына қатысты өзекті мəселелер де көтерілмек. Олардың бəрімен арнайы сессиялардан таныс бола аласыздар", - деді тележүргізуші.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың сəнді киімге сұранысы ерекше екенін мəлімдеді.
"Мəртебелі меймандар сіздер тек топтамаларыңызды көрсетсеңіздер болды. Қазақстандықтар оның түгін қалдырмай сатып алады", -деп əзілдеді ол.

Сəн апталығы Астанада мамырдың 23-25 аралығында өтеді деп күтіліп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733311-dinara-stzan-kazaktar-modnyj-kiimderdi-tk-kaldyrmaj-alyp-ketedi/