Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шімән апаның су жаңа бейнебаяны көпшілікті қызықтырып қойды

Опубликовано:

Көпшілікке "Шімән апа" атауымен танымал актер Ерболат Төлегенов тағы да жаңа бейнебаян түсіріп, қазақы нақыштағы әнімен көпшілікті қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шімән апа. Фото: Reactor.kz
Шімән апа. Фото: Reactor.kz: UGC

Ол осы уақытқа дейін түрлі комедиялық жанрда әндер жаздырған актер "Ырымдар" әніне клип түсіріп үлгерген.

Қазақтың бітпейтін ырымдарын тілге тиек етіп, бітпейтін тойларда ән салуда жоспарлаған тойшыл әнші осы бейнебаянына арнайы көйлектер тіктірген. Кәсіби стилистпен жұмыс жасап, бірнеше образдар да дайындаған.

"Менің стилім бөлек. Өзім бірнеше жыл сомдап келе жатқан "Шімән апаның" образымен әзіл әндер ғана орындаймын. Тақырыптарым да ешкімге ұқсамайды. Ал мені "Еркек басымен кемпір боп киінгені нес" деп сынағандарға айтарым, бұл жай ғана образ. Мен өнер адамымын, әртіспін. Әртіс жан-жақты болуы қажет. Тек әзілдеп ән салмай, туындыларым арқылы көп нәрсе жеткізгім келеді. Сол себепті, сахнада Шімән апа болсам, өмірде адаммын. Ал кино мен театр әлемінде актермін" - деп ағынан жарылды Төлегенов.

Айта кетейік, Шімән апа су жаңа бейнебаянын жақында көпшілікке ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733529-simn-apany-su-zaa-bejnebaany-kpsilikti-kyzyktyryp-kojdy/

pixel