Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде күні кеше ашылған "Өнер орталығының" төбесі опырылып түсті (фото, видео)

Опубликовано:

"Екі езу" театрының актері Нұрлыбек Жұбатқан төбесі опырылып қалған кабинетін көрсетті. Айтуынша, Ақтөбедегі жуырда ғана ашылған "Өнер орталығы" ғимаратының төбесі оның көз алдында құлап түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Актер Нұрлыбек Жақыпбектің айтуынша, өзі отырған кабинеттің төбесі кенеттен опырылып құлап түскен.

Ақтөбеде күні кеше ашылған "Өнер орталығының" төбесі опырылып түсті (фото, видео)
Ақтөбеде күні кеше ашылған "Өнер орталығының" төбесі опырылып түсті (фото, видео): UGC
"Кабинетімде отырып жазым бола жаздадым. Құдай сақтады. Кабинетімде жұмыс жасап отырған кезде төбе құлады. Шошып кеттім. Тап сол опырылып түскен жерде үш минут бұрын тұрып шкафтан кітап алған едім. Бұл күні кеше ашылған "Өнер орталығы" ғимаратындағы кабинет.
Көктемде театрдың əртістері отырған бөлменің төбесі жарылып су кетті. Енді мынау тал түсте жазым бола жаздадым.Бірақ, потолок жеңіл екен. Төбеңе түссе басың жарылмайды. Оғанда шүкір. Бұған кім жауап береді?..", - деп жазған ол желідегі парақшасына болған жайттың видеосы мен суреттерін жүктеді.

Мұны көрген желі қолданушылары болса, түрлі пікірлерін жаудырып, наразылықтарын білдіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733566-aktbede-kni-kese-asylgan-ner-ortalygyny-tbesi-opyrylyp-tsti-foto-video/

pixel