Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әншіні көшеде белгісіз біреулер пышақтап кеткен

Опубликовано:

Отандық "Рензо" тобының әншісін белгісіз біреулер жүрек тұсынан пышақтап кеткен. Өлім аузынан қалған Есеттің оқиғасы жайлы Алуа Қонарова баяндап берді деп хабарлайды "Gakkunews" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Рензо" тобы. Фото: Вконтакте
"Рензо" тобы. Фото: Вконтакте: UGC

Қонарованың айтуынша, продюсер бір "баласынан" айрылып қала жаздаған.

"Жүрегінің айналасына 2 рет пышақ сұққан. Ол бір литрдей қан жоғалтып, ол қан өкпесіне кетіпті. Ол көшеден үйіне зорға жетіп, есінен танып қалған.

Есін бір жинағанда жедел-жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер "Кішкене кешіксе, өліп кетуі мүмкін екенін айтты". Ақ халаттылар оның тірі қалуы қиын екенін ескерткен еді.

Оған бірнеше адам тиіскен. Көшенің заңдарымен өскен жігіт болғандықтан, жалғыз қарсы шыққан. Полицияға хабарласпақ болғанымда, Есет қарсы болды. Мұны өзгелердің білгенін қаламады", - деп ағынан жарылды продюсер.

Қонарованың айтуынша, әнші қайтадан топқа қосылып, бейнебаянға да түсіп үлгерген. Бірақ, Есет қатты қозғала алмай, тез шаршап қалады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733673-otandyk-tanymal-nsini-ksede-belgisiz-bireuler-pysaktap-ketken/

pixel