Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артық салмақпен күрес: Динара Сұлтан арықтау үшін қандай әдіске сүйенді?

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын бесінші баласын өмірге алып келген Динара Сұлтан артық салмақпен күрескенімен, әрекеттерінен ешқандай нәтиже шықпай жатқанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Динара Сұлтан. Фото: Instagram
Динара Сұлтан. Фото: Instagram: UGC

Әнші осыған дейін артық салмақтың өзіне қиындық тудырмағанын, алайда кішкентай ұлынан соң қалыпқа келе алмай жатқынан Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Мен артық салмақ тастаумен әлек болып жүрмін. Бұрындары өз қалпыма тез келе қоятын едім. Мына бесіншісінен кейін киім сыймай, қалпыма келе алмай әлі жүрмін.

Емізіп жүрген қыз-келіншектерге тіптен ешқандай диета ұстауға болмайды. Оны бәріміз білеміз. Қазіргі кезде "дұрыс тамақтану" деп, арнайы дайындалған программа жасап, үйге әкеп беретін компаниялар да көбейіп кетті.

Өз басым біразын байқап көрген едім, ұнамады. Сап-салқын тамақты жей алмайды екенмін. Қазір кбжу деген нәрсені үйреніп жүрмін", - деп әнші ағынан жарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733690-artyk-salmakpen-kres-dinara-sltan-aryktau-sin-kandaj-diske-sjendi/

pixel