Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данагүл Темірсұлтанова қызының тұрмысқа шығуына неге қарсы болды?

Опубликовано:

Отандық танымал актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың болашақ күйеу баласы кім екені анықталды. Ата-анасының жолын қуған Айым Сейітметованың кездесіп жүрген жігіті де өнер адамы болып шықты деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данагүл Темірсұлтанова қызымен. Фото: NUR.KZ
Данагүл Темірсұлтанова қызымен. Фото: NUR.KZ: UGC

Олардың кездесіп жүргеніне бірнеше жыл өтсе де, актриса қызын тұрмысқа беруге дайын емес.

"Жоқ, әлі ерте! Әлі оның жасы 20-да, қайдағы?! Рұқсат бермеймін әлі. Әуелі оқуын бітірсін. Әлі үшінші курста. Оқуын да бітірген жоқ!”,– дейді Данагүл Темірсұлтанова.

Айта кетейік, 20 жастағы бойжеткеннің жүрегін жаралаған жігіттің есімі - Вахид. Олардың көңіл жарастырғанына біраз уақыт өтсе де, отандық жұлдыздар қызын ұзатуға асықпайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733699-danagl-temirsltanova-kyzyny-trmyska-syguyna-nege-karsy-boldy/

pixel