Ауызашарға бірге барған Дәурен мен Ақбота елді тағы да әуреге салды (фото)

Опубликовано:

Еліміздегі атышулы жұп Дәурен мен Ақбота қайта қосылуы мүмкін. Отандық продюсер Ерік Тастембеков олардың бірге түскен суретін жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін Дәурен де, Ақбота да бірге емес екенін айтып, отбасы туралы сұраққа жауап беруден ат-тондарын ала қашатын. Алайда ауызашарға барған Ақбота мен Дәуреннің бірге отырғанын отандық продюсер суретке түсіріп алған екен.

"Бәрі жақсы", - деп жазып қойды ол сурет астына.

Олардың бірге отырғанын көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырып, сұрақтарын қойып жатыр. Ел олардың жұртты неге алдап жүргенін түсінбей әлек болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733761-auyzasarga-birge-bargan-duren-men-akbota-eldi-tagy-da-urege-saldy-foto/