Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазға бес күн қалғанда Бурабайды қар басып қалды (фото)

Опубликовано:

Күні кеше ғана Ақмола облысы мен Астана күн ысып кеткен еді, бүгін өңірдегі бірқатар қалаларда қар жауып, тұрғындар таңғалуда. Мәселен, Атбасар, Бурабай қалаларында бүгін таңертең қар жауған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазға бес күн қалғанда Бурабайды қар басып қалды (фото)
Жазға бес күн қалғанда Бурабайды қар басып қалды (фото): UGC

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 27 мамырға қараған түні төмендеген.

Таңға алтыға қарай температура Цельсий бойынша 0 градусқа дейін төмендеді. Қара суық қарды ала келген.

Мамырдағы ауа райына таңғалған қала тұрғындары қар басқан қаланың суреттерін желіде жарыса жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733990-zazga-bes-kn-kalganda-burabajdy-kar-basyp-kaldy-foto/

pixel