Алуа Қонаровамен сөзі келіспеген Жұбаныш Жексенұлы сахнадан шығып кетті
Опубликовано:
Отандық арна арқылы көрерменге жол тартқан "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында Алуа Қонаровамен сөзі жараспаған Жұбаныш Жексенұлы жобаны тастап, сахнадан кетіп қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жобада продюсердің шәкірті Батыр Байназаров "Беу айдай" атты халық әнін жаңа бағытта орындаған.
Алайда төрешілер халық әнін өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ екенін алға тартты.
"Ата-бабаларымыздан қалған мұраны өзгертпей бізге жеткізген. Біз бұл халық əндерін өзгертпей, түпнұсқасын келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Менің, Ұлықпан Жолдасовтың немесе Алтынбек Қоразбаевтың əндерін бұзғын келсе бұза бер, бірақ халық əндеріне тиіспе", - деді Тоқтар Серіков.
Осы пікірталас аясында Жұбаныш Жексенұлы мен "Ринго" тобының продюсері Алуа Қонарова арасында түсінбеушілік туындап, халық әнін өзгерткен әншіден көңілі қалған Жексенұлы сахнадан шығып кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734117-alua-konarovamen-szi-kelispegen-zbanys-zeksenly-sahnadan-sygyp-ketti/