Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның биылғы жылы тұрмысқа шығатыны рас па?

Опубликовано:

Танымал нумеролог Жазира Ноғайбаева сандарға сүйене отырып, өнер жолындағы танымал тұлғалардың болашағына болжам жасап көрді. Ол Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның биылғы жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтты деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева. Коллаж: NUR.KZ
Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Ал бұл болжамға өнер иелерінің көзқарасы қандай?

"Әумин! Айтамын. Ондай нәрсені жақсылап айту керек қой. Мұның барлығы есептеулі нәрсе екеніне сенемін. Нумерологиямен айналысатын құрбыларым бар. Солар есептеп беріп отырады", - деді Жорабаева.

Ал Айгүл Иманбаева өзінің қайта тұрмыс құруға ниет етіп жүргенін мәлімдеді.

"Дәм-тұз бұйырса, бәрі де болады. Өзімде ниет болса, бұйрық болса, кетемін ғой. Ниет бар. Биылдан қалмаймын, шын айтам", - деп ағынан жарылды Иманбаева.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын ажырасқанын айтқан Алтынай Жорабаева қыз ұзатудан бас тартқан болатын. Ал Айгүл Иманбаева шетелдік азамат қол ұстасып, Прагада клип түсірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734400-altynaj-zorabaeva-men-ajgl-imanbaevany-biylgy-zyly-trmyska-sygatyny-ras-pa/