Белгілі блогер Серік Ибрагимовтің қыздарға жасаған ескертпесін ұнатпай қалды
Опубликовано:
Белгілі блогер Айна Досқызы өзінің Instagram парақшасында "Қысқа кимеші, қарындас" флэшмобына байланысты өз ойын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталмыш флэшмоб әлеуметтік желілерде танымал әнші Серік Ибрагимовтің "Қысқа кимеші, қарындас" әні жарияланғаннан кейін тарап кетті.
Айта кетсек, әнші өзінің жаңа туындысын шығарғаннан кейін өзінің жеке парақшасында #ҚысқаКимешіҚарындас атты эстафетаны бастайтынын айтқан болатын.
Блогер Айнаның айтуынша, бұл - еркектің айтатын ақылы емес.
Қысқа киінбеу туралы қыздарға аналары, әпкелері, апалары айтқаны жөн. Ал ер адамға еркектігін жасаған жарасады: отбасын асырау, табыс әкелу, отанын қорғау. Одан басқа ұлын тәрбиелеу.
Блогер "ер адамдарға көйлек жайлы әңгіме айтқан біртүрлі ұсақ сияқты" екенін алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734607-belgili-bloger-serik-ibragimovti-kyzdarga-zasagan-eskertpesin-natpaj-kaldy/