Мейрамбек Бесбаевқа арнап жасалған махаббат альбомы талқыға түсті (фото)
Опубликовано:
"МузАрт" тобының әншісі, кезінде талай арудың арманына айналған Мейрамбек Бесбаевқа белгісіз тыңдарманы сезімін білдірді. Ол әншінің жас кезіндегі суреттерін жинап, альбомды махаббат жайлы сөздермен көркемдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл естеліктерді әншінің өзі Instagram парақшасы арқылы бөлісті.
Мейрамбектің "Оқырманнан келген фото", - деп жазғаны сол еді, желі қолданушылары жас кездерін еске алып, әншіге ғашық болғандарын жарыса айтып жатты.

"Мейрамбекке ғашық болмаған қыз жоқ шығар", "Барлық азамат Мейрамбектей болсын. Сабырлы, журегінде иманы бар. Кішіпейіл, қоңыр дауысты", "Менің де осындай Мейрамбек ағаның суреттерін жабыстырған, қасына қып-қызыл жүректің суреті салынған талай анкеталарым болды ғой. Кəдімгідей ғашық болғанмын".

"Сіз үйленгенде әбден жылағанмын", "Сандуғаш Стамғазиевамен өлең айтып, қолынан ұстағанда қызғанатынмын", "Мен де сізге ғашықпын", - деді әншінің оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735219-mejrambek-besbaevka-arnap-zasalgan-mahabbat-albomy-talkyga-tsti-foto/