Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіне "күшік күйеу" іздеген қазақ қызы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Еліміздегі атышулы бағдарлама арқылы өзіне "күшік күйеу" іздеген қазақ қызы ел алдында ұятқа қалды. Үйінен аттап шықпайтын жұбайды қалайтын бойжеткен өзінің қызғаншақ екенін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: fotostrana.ru
Фото: fotostrana.ru: UGC

"Кел келінім" бағдарламасының жаңа қатысушысы болашақта күйеуін өзі асырамақ ниетте.

"Ертеңгі күні үйде мен ғана жұмыс істеуім керек. Ол жұмыс істемейді. Өйткені мен қатты қызғаншақпын. Ол жұмысқа барған жерде қыз-келіншектер бар ғой. Мен барлық отбасымды асырай аламын.

Болашақ жарыма қойған талаптарым: менің айтқаныма көнуі керек. Тек үйде отырғаны дұрыс. Ақша жағына уайымдамаса болады. Өйткені, оны мен табамын", - деді бойжеткен.

Ал бұл видеоны әлеуметтік желі арқылы көргендер, жас қыздың сөздеріне ашуланып қалды.

"Саған күйеу емес құл керек қой", "Күшік күйеу іздеп жатырмын десейші", "Масқара, ер адамды ез қылатын әйел ғой", "Сендей келіннен құдай сақтасын" деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735866-zine-ksik-kjeu-izdegen-kazak-kyzy-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel