Отандық әншінің сымбатты ұлына өзінен бес жас үлкен қыз сөз салды (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановқа эфир барысында жасы үлкен бойжеткен сөз салды деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзін Малика деп таныстырған 25 жастағы бойжеткен Олжасқа өзінің сүйетіндігін жеткізіп, сезімін білдірді.
“Мен сізді бұрыннан ұнатамын. Instagram-нан суреттеріңізді қараймын, лайк басамын. Жекеңізге хат жазсам, жауап бермейсіз”, – деді Малика.

Ол эфир кезінде жасының 25-те және Ақтөбе өңірінен екенін атап өтті.
Эфир барысында ұялып қалған 22 жастағы Олжас қайтадан хат жазуын сұрады.
“Өз басым өзімнен үлкен қыздармен сөйлескенді ұнатпаймын. Жоқ дегенде 2-3 жас кіші қыздармен сөйлескенді ұнатамын”, – деді оңтүстіктің тумасы Олжас.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735927-otandyk-nsini-symbatty-lyna-zinen-bes-zas-lken-kyz-sz-saldy-foto/