Айгүл Иманбаева бағасы қымбат сәнді көйлегін Жұлдызайға сыйға тартты (видео)
Опубликовано:
Айгүл Иманбаева сахнадағы әріптесі әзілкеш Жұлдызайға өзінің көйлегін сыйға тартты. Әншіге алғыс айтқан Жұлдызайдың қуанышты сәтін көрген желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін жаудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жұлдызай, сахнада саған уәде бердім. Биыл Жұлдызайдың 20 жылдығы. Аңқылдаған жүрегіңе, ниетіңе Құдай беріп жатыр. Өзі көп те киген жоқпын. Сахнада самғап жүре берсін деп, ырымдап беріп жатырмын", - дейді видеода Иманбаева.
Жұлдызай Дүйсенбиева сыйлыққа риза болып, әнші әріптесіне өлең жолдарын да арнап үлгерген.
"Алдыңыздан көрінсе де қарлы шың,
Өтетұғын бар еді ғой болмысың,
Маған берген сыйлығыңыз ерекше
Осы өлеңмен айтылсыншы алғысым", - деген әртістің видеосын көргендер, "Керемет", "Сыйластыққа не жетсін, шіркін", "Айгүл ханым, қолыңыз ашық адамсыз ғой", "Енді Жұлдызай киіп шығатын болды ма, мына көйлекті", "Үстіңізде тозсын" деді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736098-ajgl-imanbaeva-bagasy-kymbat-sndi-kjlegin-zldyzajga-syjga-tartty-video/