Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарып жатырмыз": Сәдуақасова мен Майғазиевтің биі талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Раим мен Артурдың су жаңа "90х" әніне секеңдеп билеген Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасоваға желідегі оқырмандары ұрысып тастады. Оларға Мәдинаның өзге ер адамның алдындағы қылығы ұнамай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәдуақасова мен Майғазиев. Фото-коллаж: NUR.KZ
Сәдуақасова мен Майғазиев. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл видеоны Сәдуақасова Instagram парақшасына жүктеп, "Гримеркада супер- дискотека 90x болып жатыр. Сәкен екеуміз танцполды жарып жатырмыз", - деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушылары бұл биге қолдау білдірмей, сөге жөнелген.

"Түк те ренжімеңізші, бірақ сізге мына қылық жараспайды екен", "Өзге ер адамның алдында сонша сызылып тұрғаныңыз не?", "Мәдина біртүрлі, жағымсыз билейсің", "Дауысын өшіріп қойып, көріп едім видеоны. Күлкіден жарылдым" ,- деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736107-zaryp-zatyrmyz-sduakasova-men-majgazievti-bii-talkyga-tsti-video/

pixel